Қазақстан бітімгерлері Арменияға бара ма?
14.09.2022
Саясат
6
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақстандық әскерилердің Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдайды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында реттеуге қатысу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп жазды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ ол Әзербайжан мен Аремияның арасындағы шекара делимитацияланбағанын еске салды. Сондықтан шекараның бұзылғаны туралы қандай да бір пікір айту қиын екенін жеткізді.
«Сондықтан қазіргі бірінші міндет әзербайжан-армения шекарасын делимитациялау және демаркциялау жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыру болып отыр. Біз өз тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Өйткені біз құрлықта және тіпті теңізде де өз шекарамызды демаркациялап алғанбыз. Ресейден басқа бүкіл көршілес мемлекеттермен шекарамызды демаркациялау ісі толық аяқталған. Ресеймен шекараны демаркациялауға тағы 2-3 жыл керек шығар», - деді Сыртқы істер министрі.Ол бітімгерлік әскер жіберу мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін атады.