Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды елге жеткізді

18.08.2021 Саясат
8
​Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды елге жеткізді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады. "Бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді", - делінген ақпаратта. Ауғанстанды тәліптер басып алғаннан кейін ондағы қазақтар Қазақстаннан елге алып кетуін сұрап көмек сұраған еді.