Қарақалпақстанда наразылыққа қатысқан 35 адам қамаудан шықты

05.11.2022 Саясат
5
Өзбекстан Бас прокуратурасы Қарақалпақстандағы наразылық акциясына қатысқан 35 адамды босатты. Негізінен істеген ісіне өкінетін және әлеуметтік жағдайы күрделенген айыптылар босатылған. Сондай-ақ билік олардың отбасына оралу үшін тиісті шараларды жасаған. Осы уақытқа дейін Қарақалпақстандағы наразылыққа шыққандардың 107-сі босатылған. Айта кетсек, Қарақалпақстан мәртебесі туралы Конституцияға өзгеріс енгізілетіні мәлім болған соң 2022 жылдың 1 шілдесінде халық наразылыққа шыққан еді. Өзбекстан Баспрокуратурасының мәліметінше наразылық кезінде 18 адам қаза тапқан.