Қаңтар оқиғасын қайталағысы келетіндер бар – Тоқаев
19.10.2022
Саясат
6
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуінде заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік беретінін айтты.
Президент қаңтардағы қайғылы жағдайдан "сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ" екенін айтты.
Тоқаев жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап беретінін атап өтті. Оның сөзінше, "қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады".
«Елдің Президенті ретінде, мен үшін әділдік – ең жоғары құндылық. Сондықтан менің Әкімшілігімде азаматтардың өтініштерін қабылдаумен және олардың талап-тілектерін қарастыруымен айналысатын арнайы бөлім бар. Бұл жұмысты өз бақылауымда ұстаймын», - деді президент.Президент биылғы 9 айда атына 41 мың өтініш келіп түскенін, олардың әрбір төртіншісі құқық қорғау органдарының қызметіне және сот шешімдеріне қатысты екенін айтты.