«Қайғылы Қаңтар: Қираған қала» филімінің төртінші сериясы шықты
Деректі фильмде сонымен қатар, қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні бетперде киген адамдардан зардап шеккен патрульдік полиция полкінің инспекторы Арман Байысбаевтың оқиғасы да көрсетіледі. «Сол жерде өлдім деп ойладым. Аямады. Содан кейін бір кісі «Ұрмаңдар» деп шетке алып шығып, «кетіп қал, әйтпесе, өлтіремін» деді. Бізде қару болмады. Тек қалқан мен каска ғана болды. Басқа ештеңе болмады. Негізі, қарапайым халыққа қару қолданбаймыз. Бізде қару болған жоқ», – деді Алматы қаласы ПД патрульдік полиция полкінің инспекторы Арман Байысбаев. Фильм авторлары бүлікке қатысқан 31 жастағы ер азаматпен де сұхбаттасты. Қазір оған бірнеше қылмыстық бап бойынша, лаңкестік әрекетке, кепілге адам алғаны және жаппай бүліншілікке қатысқаны үшін айып тағылып отыр. Ол курсанттарды сабап, әкімдік пен резиденцияға шабуыл жасаған кезде ауыр жараланып, аман қалған.
«Әрине, өкінем. Ол жерде арнайы мақсатпен шыққан жоқпыз, бірақ көпшіліктің арасында араңдатушылықтар, көпшілікпен кетіп қалатын жағдайлар болады екен. Мен ондай нәрселермен бұрын-соңды кездеспегенмін. Яғни, бұл – үлкен қателік», – деді күдікті.Тергеу кезінде басқа да фактілер анықталыпты. Бүлік пен аласапыран кезінде қарулы топтар бейбіт тұрғындарды өз қатарына қосуға мәжбүрлеген. Мысалы, таксистер мен автобус жүргізушілерін жолды жауып, қажетті мекен-жайларға тасуға көндіріпті.Бұл мәліметті жаппай тәртіпсіздікке қатысып, шектен шыққан бүлікші топты тоқтатуға әрекет жасаған мына адам да растап отыр.
«Жүгіріп жүрдік арасында «қойыңдар, ұрмасандаршы, қазақтың балаларысындар ғой, өзіміз бауырымыз деп». Ұқпайды. Жастар зомби сияқты». «Ең бастысы провокацияға берілмеу керек. Шеру болғанда да бейбіт болуы керек. Біреуді ұрып-соғып, шағып ешкімге ешнәрсе дәлелдей ете алмайсың», – деді күдікті.Бесінші бөлімнің тұсаукесері келесі бейсенбіде «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі.