Путиннің ұсынысы - Қазақстанда атом электростанциясын салу

04.04.2019 Саясат
4

Ресей президенті В.Путин Қазақстан президенті Қ.Тоқаевпен ресми кездесу барысында Қазақстанда атом электрстанциясын салу туралы ұсыныс айтты.

- Бірлесе әрекет етудің жаңа формасына өтуді ұсынамыз. Айтқым келіп отырғаны, Ресей технологиясымен Қазақстанда АЭС салу мүмкіндігі, - деді Путин Тоқаевпен кездесу кезінде.

Путин сондай-ақ, екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы өзара бірлескен жұмыстарды да айтқан. Қ.Тоқаев болса, екі ел арасындағы ынтымақтасты әрі қарай дамытуға уәде беріп, өз сапарының маңыздылығына да тоқталды.

Қайыра айтсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейде жүр.