Путин пасхаға байланысты ұрыс даласында бір күндік бітім жариялады

20.04.2025 Саясат
25

Ресей президенті православтық Пасха кезінде барлық соғыс әрекеттерін тоқтатуға бұйрық берді. Бұл туралы Кремль Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығымен өткен кездесуден кейін хабарлады.

Пасхалық бітім бүгін Мәскеу уақытымен 18:00-де күшіне енеді және 21 сәуірдің түнгі 00:00-іне дейін жалғасады.

«Атысты тоқтату режимі гуманитарлық мақсатта енгізіліп отыр және Киев те осы бітімді сақтаған жағдайда Ресейдің Біріккен әскер тобы бұл режимді орындайтын болады», — деді Путин.