Путин: Назарбаев билікті мұрагермен қамтамасыз етеді деп үміттенеміз

20.03.2019 Саясат
4

Ресей президенті Владимир Путин үкіметтің отырысында Қазақстандағы билік ауысына қатысты пікірін айтып: "Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жоғарғы мемлекеттік лауазымынан кетуіне байланысты биліктің мұрагерлігін қамтамасыз етеді деп үміттенеміз" деді. Мұны ria.ru жазады. Сондай-ақ, Путин Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас қажетті деңгейде жалғаса беретінін атап өтті.

19-наурызда Н.Назарбаев мәлімдеме жасап, президент қызметінен кеткенін жария етті. 20-наурыздан бастап, Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кірісті.