Президент Қ.Тоқаев: Бұл - Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёевтің арқасы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай Өзбекстан ұлттық ақпараттық агенттігі - uza.uz/kz қазақ тілінде хабар тарата бастағаны туралы өзінің твиттерінде былай деп жазды:
"Өзбекстандағы Қазақстан жылының жариялануына байланысты УзА ұлттық агенттігі қазақ тілінде ақпарат тарата бастапты. Бұл бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерген Елбасымыз Н.Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевтің арқасы".
13 апреля 2019 г.
Кеше, 14-сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды. Сапар барысында екі ел басшыларының қатысуымен келіссөздер өтіп, маңызды құжаттарға қол қойылады делінеді. Және Қ.Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуына қатысады.