Президент Қазақстан халқына кезекті жолдауын жасайды
25.08.2020
Саясат
5
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланғанын президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбктегі парақшасында хабарлайды.
"Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", -деп хабарланған жазбада.