Президент кортеж жолынан жасырылған қару-жарақ табылды

27.09.2024 Саясат
5

Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

"Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

27 қыркүйекте президент Қ.Тоқаев Түркістан облысына сапарлап барып, облыста көптеген нысандарды аралап танысқаны белгілі.