Оппозиция өкілі сайлау комиссиясына құжатын тапсырды

07.10.2022 Саясат
6
Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан кандидат Нұрлан Әуесбаев тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп жазды Zakon.kz. Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевтың құжаттарын қабылдады. Құжаттар 2-3 күн бойы тексеріледі. Оппозицияның президенттікке кандидатты ұсынғаны 1 қазанда белгілі болды. Одан кейін ЖСДП-ның кезектен тыс съезінде партия мүшелерінің алдағы сайлауға Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдағаны хабарланды. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген. 23 қыркүйекте Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды. Сурет: Zakon.kz