Омбыда әскери комиссариатты өртеген Қазақстан азаматы сотталды
04.05.2023
Саясат
18
Омбыда әскери комиссариатты өртеген Қазақстан азаматы 13 жылға сотталды.
Белгілі болғандай, айыпталушы Telegram мессенджері арқылы белгісіз адамнан әскери комиссариатты өртеу жөнінде тапсырыс түскен. Оның бұл қызметі 6 млн теңгеге бағаланған.
«Ер адам танысы Сейіл Мұратұлы екеуі Омбыға келіп тапсырыс берушінің өтінішін орындау үшін шөлмекке жанғыш сұйықтық құйып әзірлеген. Түнде олар Орталық және Совет округі жөніндегі әскери комиссариатты өртеп, бой тасалаған», - делінген хабарламада.Сондай-ақ, Сейіл Мұратұлына федеральді іздеу жарияланған.