Нұрлан Ноғаев Түрікменстанға елші болып кетті
20.06.2024
Саясат
5
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі болған Нұрлан Ноғаев ҚР-ның Түрікменстандағы елшісі болып тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”, - делінген Жарлықта.