Неміс дәрігерлері: Навальный уланған

24.08.2020 Саясат
5
Германиядағы "Шарите" емханасының дәрігерлері Ресей оппозиция белгілі өкілі, саясаткер Алексей Навальныйды улаған деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА хабарлады. Дәрігерлердің диагнозы Навальныйдың "холинэстераза" тобындағы затпен уланғанын көрсеткен. Әзірге нақты қандай у екені анықталуда екен. Навальный болса әлі де жасанды комада жатқан көрінеді. Жағдайы аса ауыр болғанмен өміріне төтенше қауіп төніп тұрған жоқ депті дәрігерлер.