Назарбаев ұлттық банк төрағасы мен премьер-министрді қабылдады

20.02.2020 Саясат
5
19 ақпанда қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев пен премьер-министр Асқар Маминді қабылдаған. Досаевпен экс-президентпен кездесуде "бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтып, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мәселесін қозғаған. Ал Мамин Назарбаевқа елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндап берген.