Назарбаев пен Путин не жайлы сөйлесті?

30.05.2025 Саясат
7

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта Мәскеуде жүр.

«Президент Кремльде Мәскеуде жүрген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», — деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремль сондай-ақ Назарбаев пен Путиннің кездесу сәтінен видео жариялады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне қол алысып, құшақтасқанын көруге болады.

Кездесудің нақты мазмұны жарияланған жоқ.

Ресей президенті экс-президент Назарбаевпен соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында Ново-Огарёво резиденциясында кездескен болатын.