Назарбаев туралы заңдарға өзгеріс енгізілді
19.01.2022
Саясат
7
Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Н.Назарбаевтың өкілеті туралы конституциялық заңдарға өзгеріс енгізіліп, мәжіліс өзгерістерді мақұлдап, сенатқа жолдағаны туралы жазды.
""Тұңғыш президент - елбасы", "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы", "Қауіпсіздік кеңесі туралы" конституциялық заңдарға қажетті өзгерістер енгізіліп, сенатқа жіберілді"- деп жазады депутат.
Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев әулеті мүшелері қызметтерінен кетті. Ұзақ үнсіздіктен кейін Назарбаевтың өзі кеше үндеу жасап, зейнеткер екенін мәлімдеді.