Назарбаев Мәминді ертіп, Көлгіновтың жоспарымен танысты

11.09.2020 Саясат
5
Кеше экс-президент, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев премьер министр Асқар Мәминді ертіп, «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтына» барып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау саласындағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарымен танысты. Н.Назарбаевтың қасында премьер министр Асқар Мәминді жүрді. Өз сөзінде экс-президент Астана қаласының осы жылдар ішінде қалай дамығанын, өскенін айтып: "Жалпы, мен стратегиялық міндеттерді шешуді қамтитын даму жоспарын қабылдаймын. Елорда өмір сүруге және іскерлік белсенділікке қолайлы қала ретінде дами беруі керек", депті. Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның тұңғыш президентіне Түркістан қаласында салынып жатқан Қазақ хандығының тарихына арналған мемориал жобасымен таныстырған. фото: elbasy.kz