Назарбаев көмекшісін өз атындағы орденмен марапаттады

13.12.2019 Саясат
6
фото: elbasy.kz Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, елбасы, экс-президент Н.Назарбаев мемлекеттік наградалар табыс етті. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев өз атындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен өзінің көмекшісі Абай Бисембаевті марапаттаса, Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмуд Қасымбековты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған. Кеше президент Тоқаев көптеген адамдарды мемлекеттік орден-медальдармен марапаттаған еді. Президенттің кімдерді қандай наградалармен марапаттағанын мына жерден оқисыз.