Н.Назарбаев - Елбасы кеңсесінің басшылары тағайындалды

25.03.2019 Саясат
6

Тұңғыш президент - Елбасы, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы Н.Назарбаевтың шешімімен Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда

Айдос Ыдырысұлы Үкібай – Елбасының баспасөз хатшысы;

Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы; Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;

Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі