Н. Назарбаев пен В. Путиннің келіссөздері табысты болды
27.12.2017
Саясат
2225
Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге алғыс білдіріп, өткен келіссөздердің табысты болғанын айтты, деп хабарлайды arasha.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Елдеріміз арасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде біз бір-бірімізге жақын бола түстік, шарттық базаны қалыптастырып, өзара ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасадық, – деді Қазақстан Президенті.