Мобилизация агрессорға көмектесе алмайды – Кличко
21.09.2022
Саясат
5
Киевтің мэрі Виталий Кличко ішіанара мобилизация жасау жөніндегі Путиннің жарлығына қатысты пікір білдірді.
Ол сондай-ақ «өркениетті әлем зұлымдықты түбегейлі жою керек екенін түсінуі керек және қайдағы бір бейбіт келіссөздер туралы елесті айтпауы керек» деп қосты.«Украина халқын құрту тұрғысындағы Путин жариялаған мобилизация мен ядролық қоқан-лоққы агрессорға көмектесе алмайды. Тиран ақыры өзін жерлейтін процестерді бастаған екен», - деп жазды Кличко өзінің телеграм-каналында.