Минскіде ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

25.05.2023 Саясат
6
Оған Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы Беларусь Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өтті. Қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне төнетін қатерлер тұрғысынан дағдарыстық ден қою жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Отырыста сондай-ақ 2024 және 2030 жылға дейінгі кезеңге ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын, басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлау іс-шараларының тізбесі айқындалды.