"Мен өзімді мүлде кінәлі деп санамаймын!"

26.12.2019 Саясат
5
фото: М.Қойгелдиевтің кітабының мұқабасы Бүгін Алматыда белгілі тарихшы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің "Мен өзімді мүлде кінәлі деп санамаймын"  атты кітабының тұсаукесері болды. Кітап ХХ ғасырдың 1960-80 жылдары совет одағына ашық қарсы шығып, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың тергеу немесе сот материалдарының жинағы. Тұсаукесерде тарихшы Қойгелдиев: "Бұл - қазақ қоғамында қашанда советтік режимге қарсы күрестің болғанын, оның үзілмегенін дәлелдейтін құжаттар" деді. Кітапта диссидент Махмет Құлмағамбетовтің, Хасен Қожа-Ахметтің, Азамат Жәкібаевтың қуғынға ұшыраған кездеріндегі материалдар бар. Зертеудегі көп құжат КСРО Бас прокуратурасы мұрағатынан алынған.