Медсақтандыру қоры және СК-Фармация басшылары қызметінен кетті
10.07.2020
Саясат
5
фото: А.Жұмағұлов (сол жақта) Б.Шәріп (оң жақта)
Міндетті әлеуметтік мединицалық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" басқарма төрағасы Берік Шәріп қызметтерінен кетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған басшылардың қызметтен кету туралы өтініштеріне денсаулық сақтау министрі қол қойған.
⠀
"Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша "СК-Фармация" ЖШС-нің Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды.
⠀
Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды" делінген министрлік таратқан ақпаратта.
⠀
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев аталған мекеме басшыларын жұмыстан босатып, қызметтеріне тексеру жасау керектігі туралы айтқан еді.