Мәулен Әшімбаев Сенат төрағалығына қайта сайланды
26.01.2023
Саясат
19
Әшімбаев 2020 жылдан бері Сенат спикері қызметін атқарды.
Сенатор Мәулен Әшімбаев Жоғары палатаның төрағасы болып қайта сайланды.
Бүгін Сенат отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Сенат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Биыл Сенат сайлауы аясында президенттік квотамен Жоғары палатаның депутаты болып қайта тағайындалды.