Марғұлан Сейсембай: Жолдау жақсы, бірақ кейбір ұнамаған тұстары бар

02.09.2022 Саясат
6
Біріншіден, бұрынғы билік, олардың жемқорлығы мен капиталдары жайлы бірде-бір сөз айтылмады. Тоқаев бұрынғы билік пен оның маңындағыларға барлық ұрлағанымен кетуге мүмкіндік берген сияқты. Бұл туралы кәсіпкер Марғұлан Сейсембай айтты. Егер бұрынғы жемқорлар тып-тыныш ұрлаған ақшасымен шетелде демалып жүрсе әділетті Қазақстанға сену қиын. Әділеттілікті қалпына келтіріп, бұрынғы билікке баға беру керек деп есептейді ол.

Сондай-ақ ол үндеуде еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту жайында ештеңе айтылмағанына қапалы.

«Биліктің сабақтастығы жақсы, ал жемқорлықтың сабақтастығы жақсы емес. Конституцияны ойыншық қылу жалғасуда және ол 7 жылдық өкілеттілікпен біте ме, жоқ па белгісіз. Өз әскерінің жағдайын жасағысы келмейтіндер басқа біреудің әскерін тойдырады. Дегенмен, бұл сәл де болса алға жылжу. Бұл өмірде бәрі мінсіз бола бермейді», - деді ол.