Лиз Трасс Британия премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді

20.10.2022 Саясат
5
Лиз Трасс Тори партиясының жетекшісі қызметінен кететінін жариялады. Ол өз орнына кандидат келгенге дейін премьер-министр қызметін жалғастырады, деп жазды Еuronews. «Консервативтік партияның жаңа көшбасшысын және премьер-министрді сайлау келесі аптада өтеді. Британ оппозициясының жетекшісі, лейбористер партиясының төрағасы Кир Стармер елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттігін тағы да айтты», - деп жазады басылым. Еске салайық, 47 жастағы Л.Трасс Тори партиясының қайраткері. Ұлыбритания премьер-министрі лауазымына биылғы қыркүйек айының басында ғана сайланған болатын. 18 қазан күні ғана Ұлыбритания премьер-министрі өз қызметінде жіберген қателіктері үшін кешірім сұрап, алайда, билеуші Консервативтік партияның бірқатар мүшесінің үндеуіне қарамастан отставкаға кетуден бас тартқан еді, деп жазды ҚазАқпарат. Фото: static.independent.co.uk