Латвия: Ресей Украина халқына қасақана геноцид жасап жатыр

11.08.2022 Саясат
4
Латвия парламенті Ресейді терроризмді қолдаушы мемлекет деп мәлімдеді. Латвия депутаттары Ресей терроризмді қолдаушы ел және ол мақсатты түрде украин халқына қарсы геноцид жүргізіп жатыр деген мәлімдемені қабылдады. Мәлімдемеде мазмұнында сондай-ақ ЕО елдерін Ресей мен Беларус азаматтарына виза беруді шектеуге шақырған үндеу де бар. Литва парламенті 10 мамырда ресейлік әскерилердің Украинадағы әрекетін геноцид деп таныған еді.