Экс-депутат: Назарбаев жанына әдейі қылмыскерлерді жинады
10.07.2023
Саясат
6
Мемлекет қайраткері, бұрынғы депутат Серік Әбдірахманов Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанда шенді лауазымдар қаншаға сатылатынын айтты.
Оның сөзінше, баға қазір әлдеқайда өскен.
80 жылдардың аяғымен салыстырғанда халықтың тұрмысы 4-5 есе төмендеп кетті - деген экс-депутат бұған не себеп болғанын айтты.
Бұған Назарбаев өзі жауап берді. 2010 жылдары бір үлкен мәжілісте: "Мен кез келгеніңді дәл қазір қолдарыңа кісен салдырып, абақтыға жабуға дәлелім бар" - деді. Демек ол жанына әдейі қылмыскерлерді жинады. Соның бәрін өзі жемқор қылды. Мен 90 жылдары оның көмекшісі болып жанында жүрдім ғой. 90 жылдары ол адал, таза бастаған. Ең таза сайлау 1990 жылы Жоғарғы кеңеске депутат сайлау болды - дейді экс-депутат.Arasha.kz
ФОТО: Скрин