Иранға қол жаюы Кремлдің тығырыққа тірелгенін көрсетеді

19.10.2022 Саясат
6
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің әскери әлеуеті төмендеді деп мәлімдеді.

Сонымен қатар ол ирандық қару-жарақ Ресей басшылығының Украинадағы жоспарын іске асыруға көмектесе алмайтынын жеткізді.

«Бұл қарулар стратегиялық болсын, басқа жағынан болсын түк көмектесе алмайды. Бірақ террористерде қандайда бір үміт пайда болуы мүмкін. Дегенмен оның барлығы бұған дейінгі есептері сияқты күл-талқаны шығады», - деді ол.

Сөз арасында Зеленский ел тұрғындарын электр энергиясын аз тұтынуға шақырды. Бұған дейін Украина президенті 10 қазанда ресейліктердің бомбамен атқылауы салдарынан елдегі электр станцияларының үштен бірі істен шыққанын міәлімдеген.