Ингушетияда күштік құрылымдар мен белгісіз топ арасында атыс болды
06.04.2023
Саясат
5
Ингушетияның Малгобек ауданында күштік құрылымдар мен белгісіз топ арасында атыс болды.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, атыс кезінде полицияның үш қызметкері қаза тауып, сегізі жарақат алғаны айтылады.
"Интерфакс" агенттігінің мәліметінше, күштік құрылымдар бұған дейін қарулы атыстарға қатысы бар деген күдіктілерді ұстамақ болған.