Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді
21.04.2025
Саясат
5
Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.