Германия парламенті Украинадағы ашаршылықты геноцид деп таныды
01.12.2022
Саясат
5
Бундестаг қарар қабылдады, онда сталиндік биліктің 1931-1932 жылдардағы Украина КСР шаруаларының азық-түліктерін тәркілеу саясаты украиндықтардың геноциді деп танылды.
«Аштықтан жаппай қырылу егіннің жетіспеуінің нәтижесі емес, Иосиф Сталин тұсындағы Кеңес Одағының саяси басшылығының жауапкершілігі болды. Голодомор – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс, бүгінгі көзқараспен қарайтын болсақ оның геноцид ретінде тарихи және саяси түрде жіктелгені айқын», - деп мәлімдеді бундестаг депутаттары.