"Ескі кадрлардың ойы мемлекет басшысын тақтан тайдыру"
30.08.2022
Саясат
5
Елдің көңілі референдумға дейінгідей емес. Жабырқау... Күткен жаңалықтың, көңілден шықпағаны көрініп тұр. Шарықтап кеткен баға, титықтатқан жұмыссыздық, теңіздің қасында отырып, ауыз суға жарымау, айта берсең проблема шаш етектен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желіде жазды.
Депутат Маңғыстауға жасаған іс сапарында халықтың жағдайы мәз емес екенін мәлімдеді.
Соны мен қатар ол қант тапшылығы неше ай болды әлі реттелген жоқ, реттелетін түрі де көрінбейді, деген ойын білдірді.Жанар-жағар май дефициті. Біз мұнай мен газдың үстінде отырған елміз, үш мұнай өңдеу зауытымыз бар. Бұл қалай сонда?!», - деп жазды ол.

Сондай-ақ ол әлі күнге шейін экономиканы "жаулап" алған олигархтар кетпегенін жеткізді. Сол баяғы "өркеш майды" сору жүріп жатыр.
"Бір схемадан, екінші схемаға ауысып. Әйтпесе күні кеше тым жақсы сатылып тұрған дизель отыны мен бензин неге жоқ? Сол баяғы тарифтер, сол баяғы "откаттар", сол баяғы жемқорлық, сол баяғы әуе билеттерінің қымбатшылығы және т.с.с. Үшіншіден, саботаж. Ескі кадрлар мен экономикаға кіріп алған "паразиттердің" ойы мемлекет басшысының халық алдында беделін түсіріп, тақтан тайдыру. Алдағы уақытта олар өздерінің қуаттары мен ресурстары күйреп, халықтың әл-ауқаты артатынын біледі. Шамалары келгенше қарсыласуда. Қарсылық барлық салада және деңгейде жүріп жатыр!»,- дейді ол.Депутат биліктің барлық тармағына жаңа, таза адамдарды әкелу қажеттігін айтады.Екінші. "Паризиттерді" құрту керек, әйтпесе қоғамда үлкен "эпидемия" болады. Үшінші. Мұны тез жасау керек. Жаңа жылға дейін. Шыдамныңда шегі бар екенін ұмытпаған жөн!», - деп жазды Жаңбыршин.