Елбасы канцеляриясын құру 1 миллиард теңге қажет етеді
02.04.2019
Саясат
6
Елбасы канцеляриясын құруға бір миллиард теңге қажет. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева сенат комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін журналисттердің сауалына жауап беру барысында айтқан, - деп жазады zakon.kz
- Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қатысты айтар болсақ, ол заң мәтініндегі техникалық өзгеріс, ол қосымша қаржыны қажет етпейді. Қаражаттың шығыс бөлігінің көбі 1-маусымнан басталатын жалақыны көтеруге жұмсалады. Алғашқы айда айда осы мақсатқа 37 миллиард теңге қажет. Ал қалған ақша - жаңа мемлекеттік органға кетеді. Ол - Елбасы канцеляриясы, тіркелді, - деді Татьяна Савельева. Бұл бюджеттен бір миллиард теңгені қажет ете ме, деген журналисттердің сауалына Савельева "иә" деп жауап берген.