Елімізде «Respublica» атты жаңа партия құрылатын болды
29.08.2022
Саясат
4
Кәсіпкер Сырымбек Тау «Respublica» атты жаңа партия құратындарын мәлімдеді.
Сонымен қатар ол болашақ партияны неліктен «Respublica» партиясы деп атағандарын түсіндірді.“Әуелі өзіңді түзе, артынан төріңді түзе, бірлікпен еліңді түзе” деген қазақта жақсы сөз бар. Осындай, қиын-қыстау кезеңде елге еңбек етуге бел будық. Сондықтан, “Respublica” атты партияны құрып, ары қарай жастарымызбен бірге дамимыз деген ойдамыз», - деді кәсіпкер.
Желі қолданушыларының жазуынша, бұл партияны Сырымбек Тау, Бейбіт Әлібеков, Қуаныш Шонбай сынды кәсіпкерлер бірігіп құрып жатыр.«Латын тілінен аударғанда ол «ортақ іс» деген мағынаны білдіреді. Сіздер де бізді қолдайды деген ойдамыз. Елімізді көркейту барлығымыздың “ортақ ісіміз”!»,- деді ол.