Джек Ма Тоқаев туралы не айтты?
20.09.2019
Саясат
4
Қытайдың миллиардері Джек Ма Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі туралы айтты деп хабарлайды tengrinews сайты.
Тоқаевтың ҚХР сапарындағы президенттің Мамен сұхбаты "Барыс пен айдаһардың стратегиясы: өзара сыйластық және мәңгілік серіктестік" деп аталатын документалды фильміне енді.
«Ол мықты көшбасшы және мықты жігерлендіреді. Өз еліне деген құштарлығы мені қанаттандырды (…) - дейді Джек Ма.
Сонымен қатар бизнесмен Қазақстанның сұлу табиғатына да тамсанғанын айтады: - «Бірнеше жағдайға қайран қалдым. Сұлулық, ұлы адамдар, елдің қаһармандары және халықтың еңбекқорлығы. Қазақстанға барған сайын қызықты жерлерде боламын», -дейді миллиардер.