Дариға Назарбаева: Әр азаматтың сайлауға түсуге қақы бар
10.04.2019
Саясат
6
Сенат төрайымы Дариға Назарбаева президент сайлауына
кандидатурасын партия ұсынған жағдайда ұсынысты қабылдайтынын я қабылдамайтыны турасында кесімді пікір айтпады, деп жазады zakon.kz.
-Конституция мен заңға сәйкес кез келген азамат сайлауға түсе алады. Канидатты ұсыну туралы шешімді саяси партиялар қабылдайды, - депті Д.Назарбаева.
Сенат төрайымының айтуынша, сайлау нәтижесі халыққа байланысты және бәрі де заң шеңберінде болуы тиіс.
zakon.kz - тің жазуынша, БАҚ-та "Дариға Назарбаева сайлауға түспейді" деген нақтыланбаған ақпарат тарап кеткен.
Қайыра айтсақ, 9-сәуірде президент Қ.Тоқаев халыққа үндеу жасап, президент сайлауын жариялаған еді.