Боранбаев 14,5 млрд теңге ұрлады деген айыптауға қатысты жауап берді
04.01.2023
Саясат
5
Бизнесмен Қайрат Боранбаев ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің оған қатысты сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру кезінде 14,5 млрд теңге ұрлады деген айыптауына пікір білдірді, деп жазды Azattyq Rýhy.
Боранбаев болса бүгін сот арасындағы үзіліс кезінде журналистерге сұхбат беріп, бұл айыптаумен келіспейтінін айтқан.
«Бұл кәдімгі азаматтық-құқықтық келісімшарт. Мен «АзияГазЧунджа» ЖШС-ның акционерімін, акционер болғаным үшін қамап отыр. Ал біздің холдингтегі бүкіл келісімшарттарды бас директорлар жүргізеді. Компания газ сатып алып, оны «QazaqGaz» ұлттық компаниясына сатқан. Бұл келісімшарттың арқасында «ҚазТрансГаз» әр тоннасынан 10 доллар, жалпы алғанда, газды Қытайға сатып, 20 млн доллар пайда көрді. Мен қазір бұл құжаттардың бәрін өзім қарап, өзім танысып жатырмын, өйткені мені осы келісімшарт бойынша айыптап отыр», - дейді Қайрат Боранбаев.Осылай деген бизнесмен бұл келісімшарт заңға қайшы емес екенін, кәсіпкерліктің бір қыры екенін айтып отыр. Дегенмен 2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберген соң кәсіпкер Боранбаев келген шығынды «Qazaq Gaz» АҚ шотына аударып, толық көлемде залалдың орнын толтырған.