Болар іс – болды. Тұңғыш президент күнін алып тастауды жақтап дауыс бердім – Мәди Ахметов
07.09.2022
Саясат
6
Кезінде Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған Мәди Ахметов бүгін Тұңғыш президент күнін алып тастауды қолдап, дауыс берді.
Сонымен қатар ол кезінде Назарбаевқа ескерткіщ қою жөніндегі ұсынысы бүгінгі жайтпен керағар емес пе деген сұраққа жауап берді.
«Болар іс – болды, бояуы сіңді. Енді біз әділетті Қазақстанды құру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бұрынғы ұсынысқа керағар емес. Қаңтарға дейінгі Қазақстанмен одан кейінгі Қазақстанды салыстыруға келмейді. Елімізде жеке басқа табынушылық емес, мемлекетшілдік қағидаты болу керек. Біз сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.