Белградта Қазақстан мен Сербия қорғаныс министрлері келіссөз өткізді
20.11.2024
Саясат
5
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың серб әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бағдарлама аясында қазақстандық делегация Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмелерімен танысты.
Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.