«Байтақ» жасылдар партиясы құрылтай съезін өткізді
25.09.2022
Саясат
7
Сенбі күні Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясының құрылтай съезі өтті.
Жиын барысында құрылтай құжаттары мен бағдарламасы қабылданып, партия басшылығы сайланды. Съезге қаладағы бірнеше университеттің стедунттері мен әскери-техникалық мектептің оқушылары қатысты. Оған қоса аймақтардағы экологиялық проблеманы көтеріп жүрген делегаттар да төбе көрсетті.
Съез барысында Азаматхан Әміртай жасылдар партиясының төрағасы болып сайланды. Фото: vlast.kz«Қазақстан расымен де жаңа дәуірге аяқ басты. Осы кезде біз жасылдар партиясын құрмақпыз. Біздің партия Екінші Республикадағы Жаңа әрі әділетті Қазақстанның тірегі болады. Әрине, саясат – үлкен нәрсе. Денсаулық сақтау, тәрбие, әлеуметтік мәселе – дер кезінде шешілуі керек. Сол үшін біз келесі жылы өтетін парламент пен мәслихат сайлауына қатыспақпыз. Жоқ дегенде миллион дауыс жинауымыз керек», -деді жиында сөз сөйлеген Азаматхан Әміртай.