Қазақстан Қытайға 1,2 млрд. доллар қарыз

06.03.2019 Саясат
4

Қазақстан Қытайға 1,2 млрд. доллар қарыз. Бірақ бұл мемлекеттің кепілдігімен ұлттық компаниялар алған қарыз. Бұл туралы бүгін журналисттерге қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. 

- Қытайдың алдында мемлекеттік қарыз жоқ. Тек мемлекет кепілдігімен алынған 1,2 млрд. доллар қарыз бар (шамамен 453 млрд. теңге). Бұл  Қытайдың "Қытай даму" банкінен автожолдар жобасын жүзеге асыруға алынған, - деді министр.

Министрдің сөзінше, мысалы, "Қазавтожол" ұлттық компаниясы немесе әкімшіліктер мемлекеттің кепілдігімен қарыз алады, ол үкімет алған несие емес, ұлттық компаниялар алған қарыз. Кепілді несиенің ерекшелігі осы көрінеді.