Қасым-Жомарт Тоқаевтың инагурациясы өтіп жатыр (тікелей эфир)

12.06.2019 Саясат
4

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Тәуелсіздік" сарайында кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен "Нұр Отан" партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың инагурациясы өтіп жатыр. Сөйтіп, Тоқаев бүгін заңды түрде президент қызметіне кіріседі.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=0fAWUYaXPWs[/embed]

Баспасөз хабарларына қарағанда, Тоқаевтың инагурациясына шет мемлекеттердің басшылары шақырылмаған.

Кейбір тәуелсіз бақылаушылар кезектен тыс президент сайлауында көптеген заң бұзушылықтар болғанын айтып, Тоқаевқа ашық хат жазды. Сондай-ақ, сайлау кезіндені заң бұзушылықтар түсірілген видеоларда әлеуметтік желіде көп тарады. Бас прокуратура сайлау заңын бұзған 19 факті тіркелгенін, оның 18-і әкімшілік іс есепті сотқа жіберілгенін хабарлаған.