Нұр-Сұлтан -астананың жаңа атауы

20.03.2019 Саясат
16

Бүгін Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астана қаласының атауын өзгерту туралы ұсыныс қаралып, оны депутаттар бір ауыздан қолдады. Депутаттар қала атауының дефис арқылы Нұр-Сұлтан деп жазылуын да мақұлдады. Мәселен, мәслихат депутаты Зәуре Жүсіпова журналисттерге "Шынында да өте жақсы естіледі, мағынасы терең, өзіме қатты ұнайды" деп ағынан жарылыпты. Қайтсін енді. Осылайша, Астана қаласы - Нұр-Сұлтан деп жазылатын болады.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, құрметті сенатор, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын мәңгілік қалдыру мақсатында Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына беру туралы ұсыныс айтқан еді.