Астанада Назарбаевқа ескерткіш орнатылды
03.07.2020
Саясат
5
фото: akorda.kz
Астанада ұлттық қорғаныс университетінің алдына Қазақстанның экс-президенті.Назарбаевқа арналған монумент орнатылды. Ескерткіштің ашылуына президент Тоқаев онлайн қатысты. Ол өз сөзінде: "Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы" деді.
Астана, әуежай, қалалардағы басты көшелер Қазақстанның экс-президенті Назарбаевтың атымен аталады. Сондай-ақ оның бірнеше ескерткіші бар.
6 шілде Назарбаевтың туған күні. Бұл күн - Астана қаласының туған күні есепті жыл сайын аталып өтеді.