Астанада атаулы әлеуметтік көмекке өтініш қабылдау басталды

05.01.2020 Саясат
9
фото: ktk.kz Нұр-Сұлтан қаласында атаулы әлеуметтік көмек үшін құжат қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру үшін өтінішпен бірге жеке куәлік болуы тиіс. Азаматтар альфавит ретімен қабыланады.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалатындығын атап өткен жөн. Яғни, өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді. Құжат тапсырушы азаматтар өтініш, сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Сондай-ақ, АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай  уақытша тіркеу болу керек. Естеріңізге салсақ, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жылдың 1-ші тоқсанына күнкөріс – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 22 258 теңге)" делінген қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.