Ақылбек Күрішбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
13.10.2022
Саясат
6
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, А. Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде өзі өтініш жасаған. Орталық сайлау комиссиясы бұл өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыным енгізді.
Депутаттар аталған қаулыны қабылдады, деп жазды ҚазАқпарат.
«Ақылбек Қажығұлұлы Сенаттың заң шығару жұмысына өзінің сүбелі үлесін қосты. Депутаттық сауалдар арқылы халықты алаңдатқан маңызды мәселелерді оң шешуге де белсенді атсалысты. Хатшы ретінде комитет жұмысын тиімді ұйымдастыруға да зор еңбек сіңірді. Осы атқарған барлық жұмыстар үшін Ақылбек Қажығұлұлына Сенат басшылығы атынан ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз. Депутат ретінде атқарған қызметін жоғары бағалай отырып, Палата бюросы Ақылбек Қажығұлұлын Сенаттың Құрмет грамотасымен марапаттады. Құрмет грамотасын тапсыруға рұқсат етіңіздер. Жаңа қызметіңізге табыс пен сәттілік тілейміз», - деді М. Әшімбаев.Айта кетейік, Ақылбек Күрішбаев елімізде жаңадан ашылатын заманауи ғылыми зерттеу институтын басқарады.